Сейсенбіде Қазақстанда жаңбыр жауып, екпінді жел соғады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 28 тамызда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, екпінді жел сақталады, орталық пен шығыста бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Қазгидромет.
Еліміздің солтүстігі мен орталығының кей жерлерінде тұман күтіледі. Тек республиканың батысында ғана ауа-райы жауын-шашынсыз.
Қарағанды облсының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең тұман күтіледі.
Шығыс Қазакстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қызылорда, Қостанай, күндіз Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Ақмола облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Ақтөбе, Атырау, Манғыстау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.