Сейсенбіде Қазақстанның 4 қаласында ауа ластанады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» мамандары 22 желтоқсан күні Қазақстан қалаларында ауа сапасы қандай болатынын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кәсіпорынның мәліметінше, сейсенбі күні еліміздің төрт қаласында - Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Балқаш және Шымкентте қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластануы мүмкін.
Өзге шаһарларда метеоахуал - бірқалыпты.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.