Сейсенбіде Қазақстанның 4 қаласында ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбі, 27 наурыз күні  Қазақстанның 4 қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Сейсенбіде Қазақстанның 4 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Атап айтқанда, Ақтау, Атырау, Қарағанды, Орал қалаларында метеорологиялық жағдайлар атмосферада ластаушы заттардың шоғырлануына әсер етеді.

Алматы, Астана, Қостанай, Қызылорда, Көкшетау, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Өскемен, Шымкент қалаларында метеожағдайлар керісінше жақсарып, зиянды заттардың сейілуіне ықпал ететін болады.

Айта кетейік, 2018 жылдың 1 қаңтарынан Қазгидрометтің www.kazhydromet.kz сайтында қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың (ҚМЖ) болжамы жарияланады.

ҚМЖ  -  атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) үйлесімі. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі - синоптикалық ахуалдың (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы) болжамы.