Сейсенбіде Қазақстанның басым аумағында ауа райы тұрақсыз болады - Қазгидромет
АСТАНА. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» болжауынша, 13 желтоқсан, сейсенбі күні Қазақстанның басым аумағында тұрақсыз ауа райы жағдайы сақталады.
Атап айтқанда, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертең тұман болады. ШҚО-ның кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Солтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарында - тұманды.
Алматы облысының Жалаңашкөл аумағында желдің күші 18-23 м/с-қа дейін күшейеді.
Атырау, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында сондай-ақ тұман күтілуде. Атырауда секундына 15-20 метр күшпен жел соғады.