Сейсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болмайды

Қазақстанның қалған территориясына антициклон әсер етеді, онымен бірге жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Кей жерлерде жел соғады, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады.
Республиканың солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс және орталық аумақтарында кей жерлерде аяз сақталады.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында кей жерлерде жел соғады, күші 15-20 м/с, тұман болады.
Қостанай облысында кей жерлерде тұман түседі.
Түркістан, күндіз Ақтөбе облыстарында кей жерлерде жел соғады, күші 15-20 м/с-ға жетеді.
Қызылорда және Маңғыстау облыстарында кей жерлерде шаңды дауыл, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді.
Қызылорда облысында күндіз желдің екпіні 23 м/с болады.
Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өрт қауіп сақталады.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының түнде кей жерлерінде 3 градусқа аяз күтілуде.