Сейсенбіде Қазақстанның бірқатар аймақтарында жел күшейеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет 13 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты, Қазақстан аумағы бойынша тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде қар жауып, желдің күшеюі күтіледі. Қазақстанның шығысында, солтүстік-шығысында және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде тұман болып, еліміздің солтүстік-батысында жаяу бұрқасын, оңтүстік-батысында көктайғақ күтіледі.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің 18-23 м/с күшеюі сақталады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман болып, жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, түнде көктайғақ болады.
Қызылорда, Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді. Ақмола, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады.