Сейсенбіде Қазақстанның солтүстігі мен шығысында күн күркіреп, жаңбыр жауады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні, 9 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады, солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-батысында ғана атмосфералық ағындардың өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр жауады, жел күшейеді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Сейсенбіде Қазақстанның солтүстігі мен шығысында күн күркіреп, жаңбыр жауады

Солтүстікте, солтүстік-батыста және орталықта түнде және таңертең тұман түседі.

Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің 15-20 м/с-қа дейін күшеюі күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсіп, желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді. Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседің.

Солтүстікте, солтүстік-батыста кей жерлерде қатқақ түсіп, ауаның температурасы 0-5 градусқа дейін суытады.

Республиканың оңтүстігінде, батысының кей жерлерінде, солтүстігінде, солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Таяудағы тәуліктерде Сырдария өзенінің Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының шегінде Шардара су қоймасынан келетін ағынның азаюынан су деңгейі төмендейді. Республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы тау өзендерінде су бетінің құбылуы байқалады. Шығыс Қазақстан облысының көптеген өзендерінде су деңгейінің бірте-бірте төмендеуі күтіледі.