23:46, 08 Маусым 2016 | GMT +5
Сейсмологтар Алматыдан 259 шақырым қашықтықта жер сілкінісін тіркеді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдан 259 шақырым жерде тербелісі 4,5 баллдық жер сілкінісі болды.

«ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық стансалар желісі 8 маусымда жергілікті уақытпен 22 сағат 35 минутта жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 259 шақырым жерде Қазақстан аумағында болды.
«Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.9. MPV тербелісі 4.5. Сезілуі туралы (МSК-64 бағанымен~ мәліметтер жоқ», - деп хабарлады «Алматы» ОСО кезекші операторы.