Сейтқазы Матаев Астанада ауруханаға жатудан бас тартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - АСТАНА. ҚазАқпарат - Айыпталушы Сейітқазы мен Әсет Матаевты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары 3 тамыз күні Астанада өтетін сот отырысына алып келді, деп хабарлады Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар Ұлттық бюро баспасөз қызметінен.

Сейтқазы Матаев Астанада ауруханаға жатудан бас тартты

Еске сала кетейік, 2016 жылдың 24 ақпан күні сот қаулысы бойынша Сейітқазы Матаев үй қамаққа алынған. 

2016 жылы 21 шілдеде Алматы қ. прокуратурасы күдікті Матаев С. ісін Астана қ. №2 Есіл аудандық сотына жолдады.

Ағымдағы жылы 27 шілдеде сот Сейтқазы Матаевтың үйқамақта болу мерзімін екі айға - 22 қыркүйекке дейін ұзартты.

Қаулы орындалуы үшін Астана және Алматы қалаларының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бюросы департаменттеріне бағытталды.
Үйқамақта ұстау ережелеріне сәйкес, айыпталушыларды жалға алынған пәтерлерде немесе туыстарында ұстауға болады. Жалға алу шарты немесе сәйкесінше жазбаша келісім құру міндетті талаптардың бірі.
Жемқорлыққа қарсы қызметке мұндай құжаттар берілмеді.
Матаевтардың Астанада тұрғылықты мекен-жайы болмағандықтан, олар тұратын пәтер бөлінді.

Астана қ. әуежайына келгенде Сейтқазы Матаев денсаулығына шағымданды, алайда медициналық мекемеге барудан бас тартты.
Бұған қарамастан, жемқорлыққа қарсы қызмет жедел жәрдем бригадасын үйге шақыртты. Алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң Сейтқазы Матаев ауруханаға жатудан бас тартты.