Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының құрылымында жаңа бөлім ашылуда

АЛМАТЫ.  Қыркүйектің 9-ы.  ҚазАқпарат /Екатерина Ионова/ - Сәрсенбі күні Алматыда   «Қазақфильм»  акционерлік  қоғамының   жаңа «Development» бөлімінің  ашылуына арналған  баспасөз мәслихаты өтті. 
None
None

Негізгі  қызметі қазақстандық кино нарығын  зерттеу  және   болжау   болатын  жаңа бөлім    мәскеулік «Movie Research Company»  компаниясымен бірлесіп   ашылып отыр.

«Статистикалық мәліметтер  мен  зерттеулерсіз   алға  жылжу мүмкін емес,   міне сондықтан да   осындай бөлім ашу  туралы шешім қабылданып   отыр»,  - деп атап көрсетті «Қазақфильм» акционерлік  қоғамының    маркетинг  жөніндегі басқарушы  директоры  Ирен Ванидовская.

Оның айтуынша, «Movie Research Company» компаниясының     мақсаты -  киноиндустрияларды  зерттеу,     киноиндустрия  мен  кинопрокат   нарығында   тиімді  дамуға мүмкіндік беретін    талдама     дайындау  және   оларды  тарату».

Соңғы жаңалықтар