Ш.Аймановтың 100 жылдығына арналған фестивальде Баянауыл тұрғындары даңқты режиссердің үздік туындыларын тамашалады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ кино өнерінің негізін қалаған Шәкен Аймановтың 100 жылдығына арналған ретро-фестиваль даңқты режиссердің туған жері Баянауыл ауданында, Жасыбай өлкесінің жағасында өтті.
None
None

Ашық аспан аясында өткен 3 күндік мәдени шара барысында аудан 2 мыңнан астам тұрғыны мен Павлодар, Алматы және Астана қалаларынан келген қонақтар атақты режиссердің қазақ кино өнерінің алтын қорына кірген туындларын тамашалады. Ш.Аймановтың «Біздің сүйікті дәрігер», «Тақиялы періште» сынды комедиялары көрерменнің көңілін көтерсе, «Біз осында тұрамыз», «Атамекен» сынды туындылары қалың ой тұңғиығына жетеледі.

Шәкен Айманов өнерін бағалау өте қиын. ЮНЕСКО-ның атаулы күндер ресми күнтізбесіне қазақтың дақты режиссерінің 100 жылдық мерейтойының енуі де соны айғақтай түссе керек.

Биылғы жылы Ш.Аймановтың конофильмдеріне жазылған әндерді Қазақстан жұлдыздары орындады. Фестивальға «Жігіттер», «Keшyou» топтары, Ерке Есмахан, Меруерт Түсіпбаева, сондай-ақ облыстың танымал ансамбльдері қатысті.

Соңғы жаңалықтар