Ш.Перес: Израиль «Хамасқа» қарсы құрғақтағы операциясын тоқтатпайды

ТЕЛЬ-АВИВ. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат – Израиль «Хамасқа» қарсы құрғақтағы операциясын тоқтатпайды,
None
None
деп мәлім етті Израиль президенті Шимон Перес американдық телеарналардың біріне берген сұхбатында. ҚазАқпарат бұл туралы РБК агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. «Біз Газа секторын басып алғалы, не «Хамасты» құртқалы отырған жоқпыз, біз лаңкестікті жоймақпыз», - деп мәлім етті Израиль басшысы өз сөзінде. «Хамастың» Израиль аумағына зымыран атқылауына жол бермейміз», деген Ш.Перес, «Хамасқа» біраз «сабақ беру керек» екенін айтып отыр, деп хабарлайды SkyNews.Естеріңізге сала кетейік, 2009 жылы қаңтардың 3-і күні кешке Израиль әскері Газа секторының шекарасын кесіп өтіп, әскери операцияның құрғақтағы кезеңін бастаған болатын. Израильдің Қорғаныс министрлігінің ресми ақпаратына сүйенсек, бұл шабуылдың негізгі мақсаты - секторды оккупациялау емес, сол аумақты басқарып отырған «Хамас» қозғалысының инфрақұрылымдарын жою.
Соңғы жаңалықтар