Шабуылдардан кейін Бейжіңде қауіпсіздік шаралары күшейтілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың көліктік нысандарына бірқатар шабуылдардан кейін Бейжіңде қаруланған полицейлер қатарынан арнайы шолғыншылар кезекшілікке шығып жатыр.
Қытайлық биліктің хабарлауынша, осындай бөлімшелерді күшейтуге лаңкестікпен күрес саласында ағымдағы күрделі ахуал себеп болды.
Әр шолғыншы машинаның экипажы 9 полицейден және төрт көмекшіден тұрады екен.
2014 жылдың наурызында Куньмин қаласының вокзалында қаруланған топтың басып алуынан 29 адам қаза тауып, 143-і жарақаттанды.
30 сәуірде Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінің орталығы - Үрімжі қаласының теміржол вокзалында орын алған лаңкестік нәтижесінде 3 адам қаза тауып, 79 адам жараланды,
Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанчжоу қаласының темір жол вокзалында суық қарумен қаруланған белгісіз адамдардың шабуылынан алты адам жараланды.