Шабыт-2017: «Үздік әдеби шығарма» аталымы бойынша жеңімпаздар анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Шабыт-2017» фестивалінің «Үздік әдеби шығарма» номинациясы бойынша қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының баспасөз қызметі.
None
None

Елордадағы Орталық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің «Үздік әдеби шығарма» номинациясы бойынша конкурсанттардың тәлімгерлермен, белгілі ақындармен, прозаиктермен және қазылар алқасының мүшелерімен қорытынды кездесуі өтті. Дөңгелек үстел басында шығармашылық жолына енді ғана түскен жазушылар алған әсерлерімен бөлісіп, фестивальді ұйымдастырушыларға өз дарындарын көрсетуге берген мүмкіндіктері үшін ризашылықтарын білдірді, ұсыныс-кеңестер тыңдады.
null 

«Биыл бұл номинацияның жаңалығы - конкурстың балаларға арналған проза жанрында алғаш рет өткізілуі болды. Шығармалардың көптеп келіп түскендігіне таңғалдық. 40 еңбектің ішінен «Шабыт» фестивалінің марапатына лайық үздік 20-сын таңдап алдық. Мұнымен қоса, қазылар алқасының да құрамы мықты - Қуаныш Жиенбай, Мәди Айымбетов, Роза Мұқанова - бұл қазақ әдебиетінің жарық жұлдыздары, - деді байқаудың қазылар алқасының төрағасы Несіпбек Айт. - Әрине, қатысушылардың бұдан да көп болғанын қалаймыз, Олар бір-бірімен танысып, араласып, бір-бірін қолдап жүретін еді».
null 

Қазылар алқасы мүшелерінің айтуынша, әдебиетке қатысы жоқ мамандық бойынша білім алып жүргендігіне, жұмыс істеп жатқандығына қарамастан қатысушылардың көбіне үміт артуға болады. Сондықтан үздіктерді анықтау оңай болмаған. Байқау қорытындысы бойынша орындар келесідей  үлестірілді:

- Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының арнайы жүлдесі семейлік Әйгерім Қиықбайға бұйырды.

 - Бердібек Соқпақбаев атындағы тағы да бір жүлде Темірлан Қылышбековқа табысталды. Жас дарындар дипломдармен қоса, 80 мың теңге мөлшерінде ақшалай сыйлықтарға ие болды.

- Аталған номинация бойынша бас жүлде мен 350 мың теңге Қанат Әбілқайырға берілді.

- Бірінші орын мен 300 мың теңгені Бақытгүл Сәрсембекова олжалады.

- Екінші орында 250 мың теңге алған - Арман Әлмеңбет.

- Үздік үштікке Нұрбек Нұржанұлы да енді. Ол 200 мың теңге алды.     

Өз кезегінде, конкурсанттар шығармаларына жоғары баға берген қазылар алқасына өз алғыстарын білдіріп, қаламдарын тастамай, шеберліктерін одан ары шындауға уәде берді. 

Соңғы жаңалықтар