Шагалдың сирек үш картинасы аукционға қойылды

АСТАНА. 21 қараша. ҚазАқпарат - Марк Шагалдың сирек үш картинасы Sotheby's аукционына қойылды, деп хабарланған аукцион үйінің сайтында. Бұл туралы Ленту.ру агенттігі хабарлады.
None
None

Бұл картиналарда әртүрлі үш синагоганың ішкі көріністері бейнеленген. Осы үш картинаның жиынтық бағасы 1,6 миллион долларға бағаланып отыр. Алдын ала бағалау бойынша, ең қымбаты шамамен 400-600 мың долларға сатылуы мүмкін.

Associated Press агенттігінің аукцион үйінің баспасөз баянына сілтеме жасап хабарлауынша, картиналар бұрын ешқашан сатуға шығарылмаған. Оларды коллекционер Макс Коттиннің ұрпақтары сатқалы отыр, олар полотноларды 1945 жылы көрмеден сатып алған көрінеді.

Соңғы жаңалықтар