Шағын несиесін өтемеген азаматтардың 2,5 млн құжаты жеке сот орындаушылардың қолында жүр

АСТАНА. KAZINFORM – Мәжіліс төрағасының орынбасары Дәния Еспаеваның айтуынша, 15,9 трлн теңгенің борыш құжаты жеке сот орындаушылардың қолында жүр.

 2,5 млн құжаты жеке сот орындаушылардың қолында жүр
Фото: Мұхтар Холдорбеков/ Kazinform

- Бүгінде республика бойынша 2 110 жеке сот орындаушысы жұмыс істейді. Олардың іс жүргізуінде жалпы сомасы 15,9 трлн теңгені құрайтын, 5 миллиондай атқарушылық құжат бар. Аталған құжаттың 50 пайызы шағын несиелер бойынша өндіріп алуға қатысты, - деді ол сот орындаушылардың қызметін арттыруға арналған Үкімет сағатында.

Депутаттың пайымдауынша, бұл халықтың мойнындағы несиенің шамадан тыс екеніне дәлел бола алады.

- 2022 жылы біз осыған ұқсас тақырыпта Үкімет сағатын өткіздік. Сол кезде берілген ұсыныстардың бір бөлігі әлі күнге дейін орындалмаған. Мысалы, сот орындаушыларының соттарда шағым жасалатын әрекеттерінің тізбесін қысқарту, борышкерлерді іздестіру тиімділігін арттыру, борышкерлер мен өндіріп алушылардың дербес деректеріне заңсыз қол жеткізуді болдырмау сияқты ұсыныстар әлі орындалған жоқ, - деді ол.

Бұған дейін шағын несие қай салада көп берілетінін жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар