Шағын балабақшалар қосымша 2 мың 500 орын ашуға мүмкіндік береді - И. Тасмағамбетов
; АСТАНА. Қарашаның 26-сы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Астанада салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің жанынан шағын балабақшаларды ашу арқасында біз қосымша 2 мың 500 орынды қамти аламыз. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің қатысуымен өткен көшпелі мәжіліс барысында Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат
Әкімнің сөзіне қарағанда, қала бойынша осы санаттағы балабақша орындарының жалпы ауданы 16 мың шаршы метрден асатын болады. «Осының арқасында біз 2 мың 500 мың бүлдіршінді балабақшаға қабылдай аламыз», деді И.Тасмағамбетов.
Айта кетейік, қазіргі кезде Астанадағы шағын балабақшалар «Оқжетпес», «Тәуелсіздік» және «Европалық-2» тұрғын үй кешендерінде жабдықталуда. Жалпы мұндай орындарды 15 тұрғын үй кешенінде ашу жоспарланған.