Шағын бизнес үшін жалпы көлемі 1,4 млрд. теңге жеңілдетілген несие бөлінді - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Биыл «Даму-Аймақтар» бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін жеңілдетілген несие беру мақсатында облыстық бюджеттен 700 млн. теңге және «Даму» қорынан 700 млн. теңге бөлінді, - деп хабарлады ҚазАқпарат облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасына сілтеме жасап.
None
None

Жалпы көлемі 1,4 млрд. теңге болатын несиелер сомасы «Қазақстан Халық банкі» АҚ (600 млн. теңге), «Фортебанк» АҚ (500 млн. теңге), «Қазкоммерцбанк» АҚ (150 млн. теңге) және «АТФ банк» АҚ (150 млн. теңге) арқылы беріледі.

Қазіргі күні аталған банктер бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерінің  жалпы құны  453,9 млн. теңге болатын 13 жобасын қаржыландырды. Оның ішінде Өңірлік үйлестіру кеңесінің шешімімен жалпы құны 409,6 млн. теңгені құрайтын 9 жоба мақұлданды.  

Бағдарлама талабына сай қаржы кәсіпкерлерге 180 млн. теңгеге дейін 8,5 пайызбен (5 жылға және 6 айға дейін несиені өтеуді кейінге қалдыру мүмкіндігімен) берілетін болады.

Соңғы жаңалықтар