20:53, 07 Тамыз 2012 | GMT +5
Шағын футбол бойынша жарыста тараздық журналистер өзбекстандық гастарбайтерлермен ойнады
ТАРАЗ. 7 тамыз. ҚазАқпарат - Құрылысшылар күнінің қарсаңында Таразда шағын футбол бойынша жарыстар өтті.

Оны ұйымдастырушылар - тараздық «Темір ЛБ» ЖШС қызметкерлерінің айтуынша, спорттық жарыстарға бес команда қатысты. Соның арасында Тараз қаласындағы құрылыс ұйымдары, жергілікті БАҚ-тардың құрамасы, сондай-ақ Жамбыл облысының нысандарында жұмыс істейтін өзбекстандық гастарбайтерлерден құралған «Пахтакор» командасы болды.
Қажырлы күрестің нәтижесінде 12 ұпай алған журналистер командасы турнирлік тізімде көш бастады. Екінші орында - 6 ұпай алған «Темір ЛБ» командасы. Өзбекстандық қонақтар үшінші орынға лайық деп танылды. Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері бағалы және ақшалай сыйлықтар алды.