Шағын футбол: «Қайрат» Ташкентте екі рет жеңімпаздар тұғырынан көрінді

ТАШКЕНТ. Қазанның 15-і. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - Қазақстанның «Қайрат» шағын футбол командасы Иран мен Өзбекстанға қарсы екі табысты жолдастық матч өткізді.

Шағын футбол: «Қайрат»  Ташкентте екі рет жеңімпаздар тұғырынан көрінді

Алғашқы ойынды «Қайрат» Иранның жастар құрамасымен өткізіп, 3:0 есебімен жеңді. Өзбекстанның құрамасымен ойын да Қазақстан өкілдерінің жағында болды, жалпы есеп - 5:2.

Өзбекстан мен Иран командалары арасындағы ойын 4:0 есебімен өзбектердің жеңісімен аяқталды. Жоғарыдағы елдердің азиялық шағын футболдың көшбасшылары болып отырғанын атап өту керек.

Бүгін «Қайрат» өзбекстандық «Ардус» командасымен ойнайды.