Шағын футбол: Қазақстанның ұлттық құрамасы өзбекстандықтармен жолдастық кездесу өткізеді

АЛМАТЫ. 18 ақпан. ҚазАқпарат - Шағын футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 27 ақпан пен 4 наурыз аралығында оқу-жаттығу жиынын өткізеді.
None
None

Бас бапкер Жоао Карлос Барбоза бұған Алматының «Қайратынан» 8 футболшыны шақырып отыр. Олар - Әсет Жақсыбаев, Виталий Александров, Виталий Халявин, Ғалымжан Қосмұхамбетов, Дінмұхамбет Сүлейменов, Николай Пенгрин, Серік Жаманқұлов және Тимур Мырзабаев.

Жиынның соңында, яғни 2-4 наурыз күндері Өзбекстан құрамасымен жолдастық кездесулер өткізу жоспарланып отыр. Бұл 2013/2014 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріне дайындықтың басы болмақ. Латвияның Елаве қаласында 27-30 наурыз күндері өтетін іріктеу сынында қазақстандықтар алаң қожайындары мен Ресей және Румыния құрамаларымен бір топта өнер көрсетпек. Ригадан 45 шақырым жердегі бұл қалада жарыстың алғашқы күні Ресей мен Қазақстан, Латвия мен Румыния бақ сынамақ. Келесі күні Румыния мен Ресей, Латвия мен Қазақстан кездесіп, ал ақырғы ойында қазақстандықтар румындықтармен, ресейліктер латвиялықтармен алаңға шығатын болады.

Соңғы жаңалықтар