Шағын футбол: М. Оспановты еске алуға арналған турнирде Парламент командасы жеңімпаз атанды

АСТАНА. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің бірінші шақырылымының төрағасы, мемлекет және қоғам қайраткері,
None
None

ғалым-экономист Марат Тұрдыбекұлы Оспановты еске алуға арналған шағын футболдан өткен жарыс мәресіне жетті.

Бұл турнирге Парламенттің, Президент Әкімшілігінің, Үкімет Кеңсесінің, «Нұр Отан» ХДП-ның және «Хабар» агенттігі мен «Егемен Қазақстан» газетінің командалары қатысты.

Тартысты өткен жарыста Парламент командасы бірінші орынды жеңіп алды. Жеңімпаз командаға кубок табыс етілді.

Жарыс қорытындысы бойынша Мәжіліс депутаты Ромин Мәдинов үздік қақпашы, Президент Әкімшілігі командасының ойыншысы Тимур Тәшімбаев - үздік қорғаушы, «Хабар» агентігі командасының ойыншысы Сәрсенбек Балабеков үздік шабуылшы жүлдесіне ие болды. Ал Парламент Мәжілісі Аппараты Басшысының орынбасары Сатыбалды Дәулетәлин турнирдің үздік ойыншысы болып танылды. Жеңімпаздарға ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Владимир Бобров жүлделерді табыс етті.

Дәстүрге айналған бұл турнир «Алатау» спорт кешенінде өткен болатын.

Соңғы жаңалықтар