17:27, 30 Қараша 2009 | GMT +5
Шағын футболдан «Қайрат» клубы мен Өзбекстан құрамасы арасында жолдастық кездесу өтті
АЛМАТЫ. Қарашаның 30-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда шағын футболдан «Қайрат» клубы мен Өзбекстан құрамасы арасында жолдастық кездесу өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Қайрат" спорт кешенінде өткен бұл ойынға алматылық қазылар Аббасов пен Шаяхметов төрелік етті. Қарашаның 26-сы күні өткен алғашқы кездесу 6:6 есебімен аяқталды. Онда алматылықтар сапынан - Келсон екі рет, Катата төрт рет қарсыластар қақпасын дәл көздеді. Ал сенбі күні өткен екінші кездесу 6:5 есебімен аяқталды. Бұл жолы Келсон үш рет, ал Сүлейменов, Казаков пен Катата бір-бір доптан соқты. Қонақтардан 2 кездесудің қорытындысы бойынша Холматов пен Ирсалиев үш-үштен, Тожибоев екі рет, ал Самегов, Юсупжанов және Мухитдинов бір-бір доптың иесі атанды.