Шағын футболдан Норильскідегі халықаралық турнирде алматылықтар шанхайлықтарды 6:0 есебімен ойсырата ұтты

АЛМАТЫ. 4 сәуір. ҚазАқпарат - Кеше Ресейдің Норильск қаласында шағын футболдан «Норильский Никель» Гран-При турнирі басталды.

Шағын футболдан Норильскідегі халықаралық турнирде алматылықтар шанхайлықтарды  6:0 есебімен  ойсырата ұтты

Жарыстың алғашқы күні Қытайдың Шанхай қаласының «Шанхай КсюФан» командасымен кездескен Алматының «Қайраты» 6:0 есебімен жеңіске жетті. Олар бүгін екінші ойынын  Белоруссияның Витебск қаласының «ВитЭн» футболшыларымен өткізеді. Витебскіліктер кеше «Норильский никель» аяқдопшыларына 3:8 есебімен есе жіберген болатын. Жоао Барбоза жаттықтыратын алматылықтар олармен ертең кездесетін болады.