Шағын ГЭС-тердің әлеуеті 8 млрд. кВт/сағатқа жуық
АСТАНА. 18 желтоқсан. ҚазАқпарат - Мол әлеуетке ие Қазақстанның оңтүстік облыстарының шағын су-электр стансаларын дамытудың перспективасы зор, деп хабарлады ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінен Pm.kz сайтына.
«Гидроэнергоресурстардың 65 пайызға жуығы елдің оңтүстік облыстарының тау өзендерінде шоғырланған. Зерттеу қорытындылары бойынша, шағын ГЭС-тердің әлеуеттерін шамамен 8 млрд. кВт/сағатқа бағалауға болады», - делінген ведомство хабарламасында.
2007-2010 жылдары республиканың оңтүстік облыстарында орналасқан және жалпы қуаты 20,7 МВт бірқатар шағын ГЭС-тері іске қосылды.