Шағын құрылғыға арналған 1 терабайт жады картасы шығарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - SanDisk компаниясы көптеген компьютердің жинақтаушы көлемінен асып түсетін SDXC жады картасын жасады.

Шағын құрылғыға арналған 1 терабайт жады картасы шығарылды

Рекордты карта 1 терабайтқа дейінгі ақпарат сыйдыра алады. Оны фотокамераға салғаннан кейін, суреттерді тазалап, бос орын қалдыру мәселесін ұмытуға болады.

Өкінішке қарай, ол әзірге коммерциялық өнім емес, телнұсқа (прототип) ғана. Сол себепті, карта құны әлі белгіленбеген. SanDisk көлемі 512 ГБ SDXC-жинақтаушысын 800 долларға сатуда, сондықтан, терабайттық жаңа өнім шамамен 1500 доллар болуы мүмкін.

Алғашқы  SD-картаны SanDisk 16 жыл бұрын шығарған, оның сыйымдылығы 64 МБ болған.