Шағын ұшақ Лос-Анджелестің маңында апатқа ұшырады, үш адам қаза тапты

МӘСКЕУ. Шілденің 16-сы. ҚазАқпарат - Бір моторлы ұшақ Лос-Анджелестің маңында апатқа ұшырады, оның бортындағы үш адам қаза тапты,

Шағын ұшақ Лос-Анджелестің маңында апатқа ұшырады, үш адам қаза тапты

деп хабарлайды бейсенбіде Ассошиэйтед Пресс жергілікті өрт сөндірушілер күзетінің өкілі Фрэнк Гарридоға (Frank Garrido) сілтеме жасап.

Carpet Pros Inc. компаниясына тиесілі Beechcraft Bonanza G36 шағын ұшағы Мәскеу уақыты бойынша бейсенбіге қараған түні Hawthorne муниципалдық әуежайының аумағында апатқа ұшыраған. Ұшақ ұшу-қону жолағының жанына құлаған.

Апат кезінде жанар май жерге төгілген, алайда өрт шықпаған, деп хабарлайды агенттік.