Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының табыс салығын жергілікті бюджетке қалдырған дұрыс - ҰЭМ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық экономика министрлігі шағын және орта бизнес кәсіпорындарынан түсетін корпоративтік табыс салығын жергілікті бюджетке қалдыруды ұсынады.
Бұл туралы бүгін Сенат депутаттарымен кездесу барысында Ұлттық экономика вице-министрі Марат Құсайынов мәлім етті.
«Бізде 300 ірі-ірі салық төлеушінің тізімі бар, соларды республикалық бюджетке қалдырып, қалған шағын және орта бизнесті біз жергілікті бюджетке бере аламыз. Шындығын айтқанда, біз мұндай бастаманы 2012 жылы көтеріп, Президент Әкімшілігіне дейін шыққанбыз», - деді Марат Құсайынов.
Оның сөзіне қарағанда, 2012 жылы аталмыш ұсыныс қолдау таппаған, алайда министрлік дәл осы ұсынысты қайтадан енгізуге ниетті.