19:17, 25 Мамыр 2009 | GMT +5
Шағын және орта бизнесті одан әрі дамытудың жаңа тұжырымдамасы пісіп-жетілді ? С.Ахметов
АЛМАТЫ. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Дәурен Жайлин/ – Жеделдетілген индустрияландыру мақсаттары үшін экономиканы қайта құру жағдайында шағын және орта бизнесті одан әрі дамытудың жаңа тұжырымдамасы пісіп-жетілді.
Бұл жөнінде бүгін Алматыда өтіп жатқан «National Business Forum-2009 spring» форумы барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Ахметов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Серік Ахметовтің айтуынша, бұл дамудың негізгі бағыттары іскерлік белсенділікті қалыптастыру, экономиканы әртараптандыру, бәсекеге қабілетті өндірісті қалыптастыру, адамның мүмкіндіктерін кеңейту, қоғамның әлсіз қамтылған бөлігін қолдау болып табылады.«Осы мәселелер бойынша нақтылы ұсыныстарды қалыптастыра алатын және оларды ҚР Үкіметінің қарауына енгізе алатын бастамашы топты құру қажет деп санаймын», ? деді бизнес-қауымдастыққа арнап айтқан сөзінде Премьер-Министрдің орынбасары.