Шахан оқиғасы: Қорға жиналған қаржы қайда жұмсалды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы әкімдігі сайтының редакциясы Шахан кентіндегі құлаған тұрғын үйге қатысты әлеуметтік желілердегі сұрақтарды жинады. Оларға Шахтинск әкімінің орынбасары Лариса Буравко және қордың қамқоршылар кеңесінің төрайымы Жамала Мамерханова жауап берді.

Шахан оқиғасы: Қорға жиналған қаржы қайда жұмсалды

НЕГЕ БАРЛЫҚ ШЫҒЫНДЫ ҚОР КӨТЕРЕДІ?

- Қайғылы жағдай орын алған соң біз құжаттарды көтеріп, заңнамалық базаны қарап шықтық. Қазандық жарылды, демек бұл техногендік сипаттағы ТЖ. Жағдай кәсіпорында емес, тұрғын үйде орын алды, бұл меншік иелері жауап беретін аймақ, - деді Лариса Буравко. - Бүгінде көбі Көкпектіде және басқа да елді мекендерде жақында болған ТЖ салыстыруда. Бұл табиғи сипаттағы ТЖ, оны жою шығындары мен салдары бойынша шығындар бюджеттен төленеді. Техногендік сипаттағы ТЖ кезінде «Азаматтық қорғау туралы» ҚР заңының 58-бабында нақты жазылған: келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеуді зиян (нұқсан) келтіруші ерікті түрде немесе сот шешімі бойынша жүргізеді. Сондай-ақ, Үкіметтің 2014 жылдың 21 қарашасындағы № 1222 қаулысымен бекітілген ТЖ нәтижесінде баспанасыз қалған азаматтарға тұрғын үй ұсыну ережелері де бар. Бұл ретте техногендік ТЖ кезінде зиян келтірушінің жауапкершілігі қарастырылған. 

- Демек, тергеудің, сот тексерулерінің аяқталуын, айыптылардың анықталуын күту керек, немесе асарға шақыру керек.

- Иә. Заң бойынша техногендік сипаттағы ТЖ кезінде қалпына келтіру жұмыстарына да, келтірілген зиянды жоюға да бюджеттен қаржы бөлінбейді. Сондықтан зардап шеккендерге жедел көмек көрсету үшін қайырымдылық қорын құру туралы шешім қабылданды. Қор жаңа жыл мерекесінен кейінгі бірінші жұмыс күні, 4 қаңтарда тіркелді. Кәсіпорындарға, ұйымдарға әкімдердің, мемлекеттік органдардың басшыларының атынан демеушілік көмек көрсету бойынша өтінішпен хаттар жолданды. 

- ТЖ резервінен құтқару-іздеу жұмыстарына төленді. Қанша? Төлем жасалды ма?

- Шахтинск әкімінің ТЖ резерві 20 млн теңге көлемінде бекітілді. Қазіргі кезде Шахтинск ТЖБ-ның резервтік қордан төлеу туралы өтініші келіп түсті. Әкімдіктің қаулысына қол қойылды. Көп емес, 1,4 млн теңге. Оның ішінде көлік шығыны, жанармай жеткізу, авариялық-құтқару қызметтерінің тұруы және тамақтандыру, сондай-ақ, тұрғын үйдің ішкі жылыту жүйесін қалпына келтіру бойынша жөндеу жұмыстары бар. Осы аптада ол ақша төленеді.  

Алдын ала есептеулер бойынша, көлік шығындарының өзі 2 млн теңгеден асады. Бірақ техникасын берген кәсіпорындардың көбі төлем жасаудан өз еркімен бас тартты.

ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ ПӘТЕР САТЫП АЛУҒА ҚОРДАН ҚАНША ЖҰМСАЛДЫ?

- Қазіргі кезде қажетті 14 пәтердің 9-ы сатып алынды. Олар бойынша сатып алу-сату келісімдері жасалды. Шаханда 4, Шахтинскіде -5 пәтер сатып алынды. 27 млн 15 мың теңге жұмсалды. Ең арзан пәтердің құны - 1 млн 515 мың теңге, ең қымбаты - 6 млн теңге, - дейді Жамала Мамерханова.

- Пәтерге жұмсалған қаржыны қорға QAZKOM қайтара ма? Келісім күшінде ме?

- Банк 32 млн теңгені өтейді. Егер пәтерге жұмсалған шығындар көп болса, айырмашылығын қор көтереді. 

Банкпен жұмыстар жүргізілуде. Оларға сатып алу-сату келісімдерінің көшірмелерін, қажетті құжаттарды ұсынамыз, соның негізінде ақша өтеледі. 

Тағы да бір айта кетерлік жайт. Екі жағдайда да пәтер сатып алғанның орнына біз қор қаржысы есебінен өтемақы төлеу жүзеге асырылды. Құрбан болған Канның туыстары пәтер керек емес деп, өтемақыны ақшалай беруді сұрады. Оларға 6 млн теңге берілді. Бұдан басқа, жанама зардап шеккендердің бірі де 2 млн теңгеге жуық өтемақы алды. Ол әйел кейіннен өз бетінше пәтер сатып алатынын айтты. Банк өтемақылар бойынша қорға ақшаны қайтармайды, өйткені бұл мақсатты өтеу - пәтер сатып алу.

- Жанама зардап шеккендер деп аталатын тұрғындар бойынша «бұрынғы үйлері аман болса, және тұруға жарамды деп танылсаа, оларға жаңа пәтер алудың қажеті қанша?» деп сұрап жатыр.

- Біх психологиялық факторды ескеріп, оларға қолдау көрсетпекпіз. Бұл ретте пәтер сатып алуға берілетін қаржы 3 млн теңге мөлшерінде шектеледі. Ал егер бағасы қымбатырақ болса, онда үлестік қатысады. Айырмашылықты адамдар өздері төлейді. Жанама зардап шеккендер мұнымен келісті. Бұл ретте пәтерлері зардап шекпегендер тұрғын үй жағдайын жақсарта алды деуге болады. Кейбіреулері Шаханнан Шахтинскке көшіп келді.

Құрбан болғандардың туыстарына келсек, бұл ретте барлық шығын қор арқылы өтеледі. 

Жанама зардап шеккендер қалдырып отырған 10 пәтер туралы бірден айтып өтейін. Олардың бірі коммуналдық меншікте, сондықтан оны жергілікті атқарушы орган басқарады. Қор жеке меншікті 9 пәтер бойынша шешім қабылдайды. Олар мемлекеттік қорға алынбайды. Пәтерлерді келісім бойынша Шаханда тұрып жатқан жетімдерге тарту ету ұсынылды. Бірақ кезекте тұрған 12 жетімнің тек үшеуі ғана осы пәтерлерді ұстап-күтетін жаста екендігі мәлім болды. Біз Шахан әкімдігінен тұрғын үйге мұқтаж адамдардың тізімін сұрадық. Көп балалы аналар, да болуы мүмкін. Біреулер қиын өмірлік жағдайға тап болған шығар. Адамдарға нақты көмек көрсету мүмкіндігі бар. 

- Неге зардап шеккендерге айырылып қалған мүлкі үшін залал осы күнге дейін төленбей келеді?

- Бүлінген мүліктің тізімі бар. Сомалары әлі нақтыланған жоқ. Біздің аймақ бойынша нарықтағы тауардың орташа құнын алу үшін Кәсіпкерлік бөліміне сауал жолдадық. Өздеріңіз білетіндей, жұмсақ жиһазды да 200 мың теңгеге де, бір миллионнан артық теңгеге де алуға болады.  

Сонымен қатар, кейбіреулері шығынға пластик терезелерді, линолеум, есікті де жазған. Оны да шешу керек. Өйткені, пәтерлерді жөнделген күйінде сатып аламыз ғой. Демек, адамдардың бұл шығындары өтеледі. 

ҚОРДАН ҚАНДАЙ КӨЛІК ШЫҒЫНДАРЫ ТӨЛЕНДІ?

- Ғимараттың бұзылған бөлігін жою кезінде кран, тиегіш, трактор және басқа да техника пайдаланылдыы. «Аспап» ӨК сырттан тартылды. 

Шығындар ойдан алынған жоқ. Күн сайын осы көліктің жұмыс уақыты жазылып отырды. Біз актілерді салыстырдық. Мониторинг жүргіздік, көлік арендасы орта есеппен қанша тұрады. Белгіленген бағалар нарықтағы бағадан 30 пайызға жуық төмен болып шықты. 

- Ал модульдік қазандық орнату үшін жасалатын төлем ше?

- 8,1 млн теңгенің өтініші бар. Әзірге төлеуден бас тартылды. Жұмыстың сапасы бойынша да, смета бойынша да сараптама жасау туралы шешім қабылданды. 

- Шаханда басқа үйлердің жертөлелерінен қазандықтарды шығару үшін қорда ақша қала ма? 

- Біз соған ұмтыламыз. Біздің мақсатымыз - АЖЖ бар тұрғын үйлерде тұру қаупін барынша азайту. Бұл қазандықтар - тұрғындардың меншігі, және оларды шығаруға бюджеттен қаржы бөлу мүмкін емес. Бірақ тұрғындардың өзі бұл шығындарды көтере алмайды. Жылытудың өзі оларға қымбатқа түсуде. 

- Қордың ашықтығы қатысты тағы да бір сұрақ. Журналистер қаржылық құжаттамаларды, сметаларды көре ала ма? 

- Меніңше, бұл жерде тыйым салатындай ештеңе жоқ. Ресми сұрау арқылы бәрін де ұсынамыз. 

Шахандағы қайғылы жағдайға қазақстандықтардың көбі үн қатты. Кәсіпорындар мен ұйымдардан аударылған қаржыдан басқа, жекелеген адамдардың да жинаған қаржысы да аз емес - бір мыңнан 30-50 мың теңгеге дейін. Біз осы қаржыны үлестіру тиімділігі үшін де жауаптымыз.

Журналистерге ақпарат беруден бас тартпаймыз. БАҚ-тан екі сұрау ғана келіп түсті. Көбіне телефон арқылы хабарласады. Журналистер қамқоршылар кеңесіне де қатысады. Біз баршаға ашықпыз.