Шаханда зардап шеккендерге арналған көмек қорына 41 млн теңге түсті

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Шахан кентіндегі қайғылы жағдай жалпы халықтық проблемаға айналды. Азаматтар мен ұйымдар зардап шеккендерге көмек қолын созуда, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Шаханда зардап шеккендерге арналған көмек қорына 41 млн теңге түсті

«Төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендерге көмек қайырымдылық қорының есебіне жеке және заңды тұлғалардан  41 млн теңге түсті. Оның 25 млн теңгесін «Цеснабанк» АҚ аударды. Мерейтойға арналған қаражатты   басшылық пен ұжым  Шахан тұрғындарына жібермек болып шешті», - делінген хабарламада.

Осыған дейін хабарланғанындай, Шаханда зардап шеккендерге қаржылай көмек беру мақсатында жеке қайырымдылық қоры ашылған.

Қайырымдылық көрсетем деушілер үшін қордың есеп нөмірі:

«Шахтинск қаласындағы Шахан кентінде болған төтенше жағдайдан зардап шеккендерге көмек көрсету қоры» жеке қайырымдылық қоры.

«Цеснабанк» АҚ-ның Қарағанды қалалық филиалы 

БИН/ИИН: 170140001103

Есеп KZT KZ58998HTB0000352677

Код КБЕ 18

Банк реквизиттері 

БИК TSESKZKA

Мекенжай: 100019, Қарағанды қаласы, Чкалов көшесі 7/4

БАНК БИН: 040541008233

Еске сала кетсек, 1 қаңтар күні 22 сағат 40 минуттар шамасында Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Шахан кентінде көпқабатты үйдің құлағаны жөнінде арнайы хабар келіп түскен. Оқиға орнынан төтенше жағдайлар қызметінің күш-құрылымдары мен арнайы техникалары жөнелтіліп, тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүргізілді.

Қираған үйдің үйінділерінен 9 адамның мәйіті табылды. Олардың үшеуі ер адам, үшеуі әйел адам, тағы үшеуі балалар. Ресми тізімді Қарағанды облысының төтенше жағдайлар қызметі ұсынды.

Қираған үйге қатысты материал ҚР ҚК 292-бабы 3-бөлігі бойынша бірыңғай сот алды тергеу  тізіліміне тіркелді.

Құлаған үй 1987 жылы салынған. Әкімдіктің ақпаратына сәйкес үйде 118 адам тұрған. Құлаған кіреберісте 25 тұрғын болған.