Шахаризат Сейдахмет - «Қазақстан дауысының» жеңімпазы

АСТАНА. 20 қаңтар. ҚазАқпарат - «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында өткен жылдың маусым айында тұсауы кесілген жоба - «Қазақстан дауысы» кеше мәресіне жетті.

Шахаризат Сейдахмет - «Қазақстан дауысының» жеңімпазы

Тыңдармандар дауысы бойынша жеңімпаз атанған торғайлық - Шахаризат Сейдахмет. Ол 1986 жылы 12 қарашада дүниеге келген. Тәлімгері - Нұрлан Албан. Шахаризат жоба бойы дәстүрлі әннің орындаушысы ретінде танылды. Ақтық сында да орындағаны - халық әні «Саған халқым».

«Қазақстан дауысы» атағына лайықты деп танылған оған әлемге әйгілі «Universal» дыбыс жазу студиясымен бір жылға келісімшартқа отыру мүмкіндігі бұйырды және 5 миллион теңге қаржылай сыйақы табысталды, деп хабарлайды «Қазақстан» ұлттық арнасы.