«Шахмат әлеміне саяхат» деп аталатын жаңа кітап жарық көрді

АЛМАТЫ. Қаңтардың 9-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда Балтабек Түйетаев пен Дархан Мыңбайдың «Шахмат әлеміне саяхат» деп аталатын кітабы жарық көрді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Кітаптың «Шахмат ? ойлылар ойыны» деп аталатын кіріспесінде Дархан Мыңбай: «Шахмат өз кеңістігінде білім мен ғылымды, мәдениетті, спортты тоғыстыру арқылы адамның ой-өрісін сапалық жағынан арттырып отырады. Қазіргі кезде жер шарында шахмат өнеріне құштар 600 миллионнан астам жанкүйер бар екен. Шахматпен шұғылданған балалардың 99 пайызы сабақты өте жақсы оқиды. Саясатта, ғылымда, өнерде тамаша жетістіктерге жетеді. «Шахматсыз ақыл-ой тәрбиесін көз алдыңа елестету мүмкін емес. Шахмат өнері бастауыш сынып оқушыларының өміріне ойлау мәдениетінің бір бөлшегі болып кіруі тиіс», - деген болатын ұлы педагог В.Сухомлинский. Ежелден бері Дания, Англия, Ресей, АҚШ, Германия, Латвия, Грузия мемлекеттерінің мектептерінде 1-3 сыныптан бастап шахмат ойыны пән ретінде оқытылады. Осы тәжірибеден өзіміз де үлгі алсақ жаман болмас еді», дейді Д. Мыңбай. «Қазығұрт» баспасынан жарық көрген бұл еңбектің таралымы бір мың дана. Кітап балғын шахматшыларға, олардың ата-аналары мен жаттықтырушыларына арналған. Ол - Шахмат ойынының тарихы және ол туралы мәлімет, Дебютті зерттеудің мақсаты не, Шахмат ойынының тактикасы мен стратегиясы, Ойын соңының ерекшеліктері туралы (эндшпиль), Әлем чемпиондары, Қорғаныс өнерінің құпиясы, деп аталатын 5 тараудан тұрады.
Соңғы жаңалықтар