Шахмат мектеп бағдарламасына пән ретінде енгізілмек
АСТАНА. Испанияда шахматты физика, математика, химия пәндерімен қатар оқу бағдарламасына енгізу туралы ұсыныс жүзеге асып келеді. Ол мәселені 2012 жылы еуроодақ парламенті ең бірінші рет көтерген болатын, деп жазады Росбалт.
Ұсынысты қабылдап, «патшалар ойынын» оқу бағдарламасына алғаш болып енгізген - Испанияның Аликанте провинциясы Эльче қаласындағы CEIP Luis Vives мемлекеттік мектебі. Негізі мектеп бұл тәжірибені біртіндеп енгізуді 18 жыл бұрын бастаған. Мектепте ойын тәртібі аптасына үш академиялық сағат оқытылады.
Енді сол тәжірибе бойынша 2014-2015 оқу жылына Испанияның бірқатар мектептері оқушыларға шахматты пән ретінде оқытып, үйреткелі отыр.