Шахмат олимпиадасы: Қазақстандықтар Франция құрамасынан басым түсті

АСТАНА. KAZINFORM – Мажарстан астанасы Будапешт қаласында өтіп жатқан шахматтан 45-ші Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы чемпиондық атаққа жақындап келеді.

Бибісара Асаубаева
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

ҚР Спортты дамыту дирекциясы атап өткендей, әйелдер сайысында қыздарымыз 8-турда турнир кестесінде шамалас тұрған Франциядан (2355, №13) 2,5-1,5 есебімен мықтылығын көрсетті.

Онда Бибісара Асаубаева мен Алуа Нұрман қарсыласынан басым түссе, Әмина Қайырбекова тең ойнады. Тек Меруерт Камалиденова жеңіліссіз келе жатқан Миллиет Софиеге шамасы жетпеді.

Енді алдағы 9-турда командамыз басты фавориттің бірі Польшамен жолығады. Егер қарсыластарынан басым түсіп жатса, чемпиондық атаққа қол жеткізуі мүмкін.

Әйелдер сайысындағы кесте (169 ел):

1️. Польша – 14 ұпай

2️. Үндістан – 14 ұпай

3️. Қазақстан – 14 ұпай

4️. АҚШ – 13 ұпай

5️. Армения – 13 ұпай

Ал ерлер арасында біздің шахматшылар Бангладеш құрамасын 3:1 есебімен ұтты. Қазыбек Нөгербек, Әлішер Сүлейменов жеңіске жетсе, Денис Махнев пен Алдияр Аңсат тең түсті.

Соңғы жаңалықтар