Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Бибісара Асаубаева Cairns Cup 2026 турнирінің қола жүлдегері атанды

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін АҚШ-тың Сент-Луис қаласында әлемнің үздік шахматшылары бас қосқан беделді Cairns Cup турнирі аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бибісара Ассаубаева
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Биыл мықты 10 шахматшы қатысқан додада Қазақстан намысын гроссмейстер Бибісара Ассаубаева қорғады. Отандасымыз турнирдегі 9 турдан кейін 5 ұпай жинап, 3-орынға ие болды.

Жүлдегерлер:
1-орын Тан Чжунъи (Қытай) 6,5 ұпай
2-орын Элис Ли (АҚШ) 6 ұпай
3-орын Бибісара Асаубаева (Қазақстан) 5 ұпай.

Сонымен қатар Асаубаева жүлделі орны үшін ұйымдастырушылардан сыйақы ретінде 35 мың АҚШ долларын алады.

Бибісара Асаубаева FIDE Excellence Awards сыйлығына үміткер екенін жазған едік.