18:39, 12 Наурыз 2013 | GMT +5
Шахматшы қыздарымыз қорықпаса, бәрін жеңе алады - Қазақстан құрамасының жетекшісі П.Коцур
АСТАНА. 12 наурыз. ҚазАқпарат - Біздің шахматшы қыздарымыз қорықпаса, алынбайтын қамал жоқ. Бүгін чемпионаттың аяқталуына орай өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан құрамасының жетекшісі Павел Коцур осылай айтты.

«Біздің шахматшы қыздарымыз әлі жас. Әлем чемпионатын өз жерімізде өткізудің арқасында біз бүгінгі жетістікке жетіп отырмыз. Бұл үлкен жұмыстың басы болады. Меніңше, біздің қыздарымыз қорқады. Олар қарсыластарынан қорықпаса, бәрін жеңе алады деп білемін», - дейді П.Коцур.
Айта кетейік, он күнге созылған шахмат додасының қорытындысы бойынша Қазақстан 10 команданың ішінен 7-ші орынға ие болды. Бірінші орында - Украина, екінші және үшінші орындарын Қытай мен Ресей командалары еншіледі. «Негізі, біз бесінші орынға ие боламыз деп ойлағанмын. Алайда жетінші орынның өзі - жетістік.», - деп атап көрсетті Қазақстан құрамасының жетекшісі.