Шахматшы Сәдуақасова «HDBank Cup International Open Chess 2017» турнирінің жеңімпазы болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шахматшы Динара Сәдуақасова «HDBank Cup International Open Chess 2017» халықаралық турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шахматшы Сәдуақасова «HDBank Cup International Open Chess 2017» турнирінің жеңімпазы болды

Бұл халықаралық турнир 10-17 наурыз аралығында Вьетнам елінде өткен болатын.

Оған әлемнің 21 елінен ең мықты деген 130 шахматшы қатысқан. Екінші орынды  әлем чемпионатының экс-чемпионы Антуанета Стефанова иеленді. Үшінші орында сингапурлық Ли Руофан жеңіп алды.

Отандасымыз әлемдік рейтингте жағдайын біршама жақсартып алды. Динара бұл күні әйелдер арасында үздік 30-дыққа енген алғашқы Қазақстандық шахматшы атанып отыр.