Шахматтан әлем чемпионаты: Қазақстан Францияны жеңді

АСТАНА. 12 наурыз. ҚазАқпарат - Шахматтан Қазақстанның әйелдер құрамасы Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатында екінші жеңісіне қол жеткізді,
None
None

деп хабарлады Vesti.kz.

Екі жеңіс пен бір тең ойын қазақстандық шахматшыларға турнирдің аутсайдері Франция командасынан басым түсуін қамтамасыз етті. Өз қарсыластарын Гүлісхан Нақбаева мен Гүлмира Дәулетова жеңді, тең ойын Динара Сәдуақасованың еншісінде. Төртінші тақтада Мәдина Дәулетбаева мен Наташа Бенмесбаның арасында күннің ең ұзақ ойыны болды. Партия француз қызының пайдасына аяқталды.

Бұл жеңістің арқасында Қазақстан құрамасы турнирлік кестенің жетінші қатарына көтерілді. 12 наурыз - әлем чемпионатының соңғы күнінде Қазақстан құрамасы чемпионаттың медалі үшін күрес жүргізіп жатқан Грузияға қарсы ойнайды.

Соңғы жаңалықтар