Шахматтан Әлем чемпионаты: Қазақстанның қоржынында - үш алтын және екі күміс

АСТАНА. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Румянияда өткен шахматтан оқушылар арасындағы Әлем чемпионатында Қазақстанның жас шахматшылары үш алтын және екі күміс медалін жеңіп алды.
None
None

Қазақстанның Шахмат федерациясы хабарлағандай, халықаралық додада ел намысын қорғаған Бибісара Асаубаева (9 жаста, Астана), Диана Асаубаева (15 жаста, Қостанай) және Динара Сәдуақасова (17 жаста, Астана) алтынмен апталса, Әсел Серікбай (11 жаста, Қызылорда) және Әлібек Игамбергенов (17 жаста, Орал) күміспен күптеліп, ел абыройын көкке көтерді.

Ал Жанат Сайын, Денис Махнев, Рамазан Жалмахановтар ақтық сындарға дейін жетіп, Әлем чемпионатының үздік 15 ойыншының қатарынан көріне білді.

Соңғы жаңалықтар