Шахматтан әлем чемпионы А.Карпов туристерді Алматыға шақырды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Шахматтан әлем чемпионы Анатолий Карпов туристерді Алматыға шақырды. Бұл туралы ол блиц-шахматтан Президенттің Еуразия кубогының ашылу салтанатында айтты.

Шахматтан әлем чемпионы А.Карпов туристерді Алматыға шақырды

«Қазақстанда шахмат кеңінен тараған. Алматының шахмат дәстүрлерімен атағы шыққан, шахматты былай қойғанда, оның үстіне қала маңында тамаша таулар, Шымбұлақ курорты, Медеу бар, сондықтан Алматыға келіңдер! Мен әрқашан да Қазақстанға қуана ұшып келем. Биылғы жылы осында үшінші рет келіп отырмын. Бүгінде мұнда үлкен оқиға өтуде. Кеше мен осында келгенде тіпті шахмат ойнамайтын әйел қарсылап, мені танып жатыр. Мен Қазақстанның шахмат федерациясын осы оқиғамен құттықтаймын. Шахматшыларға тамаша әсер және жеңістер, ал жанкүйерлерге тамаша идеялар тілеймін!", - деді А.Карпов.

Еске сала кетейік, блиц-шахматтан Президенттің Еуразия кубогы бұл күндері Алматыда өтуде, онда әлемнің 30 елінің шахматшылары бас қосты.