«Шахтадағы апатқа кінәлі екеніңізді сезесіз бе?»: Әкім тосыннан қойылған сұраққа жауап берді
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Өңірлік коммуникация қызметінің алаңында өткен брифингіде журналистер тарапынан қойылған «Шахтадағы апатқа кінәлі екеніңізді сезесіз бе?» деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды Кazinform тілшісі.
«Әрине, моральді және психологиялық жауапкершілікті сезінемін. Мұндай қайғылы оқиға қабырғамызға батты. Бірақ келешекте осындай жағдайдың қайталанбауы үшін қолымыздан келгенін жасаймыз. Маман ретінде мен бұл оқиғаның алдын ала алмадым. Бұл «АМТ» басшылығына қатысты қойылатын сұрақ деп ойлаймын», - деді ол.
Облыс әкімі зардап шеккен кеншілердің жағдайы туралы да хабарлады. Бүгінгі таңда зардап шеккендердің 10-ы медициналық мекемелерде бақылауда. Науқастар барлық қажетті медициналық көмекті алып жатыр.