Шахтадағы апат бойынша 18 адам қамауға алынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның батысында шахтада болған апат бойынша істі тергеп жатқан полиция 18 адамды қамауға алды.

Шахтадағы апат бойынша 18 адам қамауға алынды

Белгілі болғандай, олардың арасында шахтаны басқарған компанияның басшылары да бар. Бұл туралы түркиялық БАҚ хабарлады. Сома қаласындағы шахтада құтқару шаралары соңғы екі шахтердің денесі жоғары шығарылғаннан кейін сенбі күні аяқталды. Естеріңізге сала кетейік, сейсенбі күні Ыстамбұлдан 200 шақырым қашықтағы Сома елді мекеніндегі көмір шахтасында газ қоспасы жарылды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, шамамен 2 шақырымдық тереңдікте электр сымының қысқа тұйықталуы салдарынан дұрыс жұмыс істемей тұрған трансформатор жарылған. Дәл осы кезде жер астында 787 адам болған. Соңғы деректерге сәйкес апат салдарынан 301 шахтер қаза тапқан.