Шахтадағы апат: Екі кеншіге ота жасалғалы жатыр
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Дәрігерлер Ленин атындағы шахтада болған апаттан зардап шеккендердің қал-жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ленин шахтасында апаттан зардап шеккен төрт адам да профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Екі кенші операцияға дайындалуда, қалғандарының жағдайы тұрақты.
«Зардап шеккен екі адам мидың ашық жарақатын алған және газдан уланған. Екеуі де операцияға дайындалуда. Оны бір сағат ішінде өткізу жоспарлануда. Олар есін біледі, алайда жағдайлары ауыр. Жарақаттың ауырлығын ескере отырып, болжам жасау ерте», - деді Х.Ж. Мақажанов атындағы аурухананың медициналық бөлімі директорының орынбасары Талғат Жүкен.
Зардап шеккен екі адам токсикология бөлімінде. Олар метан мен көміртегі тотығымен ауыр түрде уланған. Жағдайлары тұрақты.
Осыған дейін Шахтинск қаласындағы ауруханаға консилиум өткізу үшін санавиациямен құрамында 2 нейрохирург және 2 реаниматолог бар Мақажанов атындағы көпсалалы аурухана мамандарынан құралған бригада келіп жеткені туралы хабарланған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін түнде шахтад «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің Ленин атындағы шахтасында апат болып, салдарынан 5 кенші қаза тапты.
ТЖ фактісі бойынша ҚР ҚК 277-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.