Шахтадағы апат кезінде үш кенші жер астында қалып қойды - ОАР
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Африкадағы алтын өндіретін шахталардың бірі опырылып, апат кезінде үш шахтер жоғалып кетті, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.
Кен орнындағы медициналық қызметтің өкілі, шахтада 100-ге жуық адамның жұмыс істегенін, олардың 30-дан астамы жер бетіне көтерілгенін мәлімдеген.
Барбертон қаласындағы шахтада таңертең ерте кен орнының кей тұстары опырылып құлаған. Осы оқиға бойынша кәсіподақ ұйымы шахта иелерін қылмыстық жауапкершілікке тартылуын талап ететін мәлімдеді.
Апат салдары әзірге белгісіз. Шахтерлерді іздестіріліп жатыр.