Шахтадағы жарылыстан 10 адам мерт болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Гуйчжоу өлкесіндегі көмір шахтасында қуатты жарылыс орын алды, деп хабарлады шетелдік БАҚ.
Оқиға түн ортасында орын алған. Жарылыс кезінде кеніште 130 кенші болған. Қаза тапқан 10 шахтердің мүрдесі жер бетінде шығарылды. Қытай БАҚ-тарының хабарлауынша, 120 жұмысшы аман-есен құтқарылды. Қазіргі уақытта төтенше оқиғаның себебін анықтау жұмыстары жүргізілуде.
Естеріңізге сала кетейік, 4 маусым күні Қытайда тағы бір көмір шахтасында жарылыс орын алып, 22 адам қаза тапқан еді. Дәл осы кезде кеніште 28 шахтер болған. Олардың 5-еуін құтқарушылар дін аман алып шықса, 1-еуі жарақат алған.