«Шахтер» алты тур бұрын Премьер-лигаға қайта оралды

АСТАНА. KAZINFORM - Биыл Бірінші лигада сынға түсіп жатқан қарағандылық «Шахтер» алты тур бұрын Премьер-лига жолдамасына ие болды.

спорт
Фото: «Шахтер» футбол клубы

Қарағандылық команда бүгін сырт алаңда Семейдің «Елімай-2» клубымен кездесті. Ойын барысында Андрей Ульшин 37-минутта есеп ашса, одан кейін Нұрхан Қағазбаев 45, Артем Литош 70-минутта мергендік танытты.

Осылайша «Шахтер» қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде 55 ұпаймен бірінші орынға табан тіреді.

Сондай-ақ түркістандық «Тұран» сырт алаңда Павлодар облысының «Батыр» командасынан 4:2 есебімен басым түсті.

Ойындар нәтижесі

27 тамыз

«Батыр» (Павлодар облысы) - «Тұран» (Түркістан) 2:4

«Елімай-2» (Семей) - «Шахтер» (Қарағанды) 0:3

«Қайрат-2» (Алматы) - «Арыс» (Түркістан облысы) 1:0

«Каспий-2» (Ақтау) - «Академия Оңтүстік» (Шымкент) 1:2.

Енді 28 тамызда бұл турда үш ойын өткізіледі. «Тараз» өз алаңында Қостанайдың «Тобыл-2» клубын қабылдайды.

Ойындар кестесі

28 тамыз

18:00. «Тараз» - «Тобыл-2» (Қостанай)

18:00. «Ақтөбе-2» - «Жайық» (Орал)

19:00. «Хан тәңірі» (Алматы) - «Астана-2».

Бұл турдағы алғашқы ойын күнінен кейін «Шахтер» 55 ұпаймен көш басында тұрса, одан кейінгі орындардағы «Қайрат-2» 49, «Тұран» 41 ұпай жинаған.

Еске салсақ, бұдан бұрын Стас Покатилов ойнайтын «Сабах» командасы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты.