Стас Покатилов ойнайтын «Сабах» командасы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық қақпашы Стас Покатилов ойын көрсететін Әзербайжанның «Сабах» футбол командасы Чемпиондар лигасы негізгі кезеңіне жолдама алды.
Әзербайжандық команда плей-офф сатысының қарымта ойынында Израильдің «Хапоэль» (Безр-Шева) командасынан 5:2 есебімен басым түсті. «Сабах» сапында Стас Покатилов алғашқы минуттан жасыл алаңға шықты.
Алғашқы кездесуде израильдік клуб 2:1 есебімен жеңген еді. Екі ойынның қорытындысымен әзербайжандық клуб 6:4 есебімен жеңіске жетіп, негізгі кезеңге жолдама алды.
Айта кетсек, алматылық команда еурокубоктағы жорығын алдымен Чемпиондар лигасында бастап, алғашқы екі іріктеу кезеңінде Черногорияның «Сутьеска» клубынан (2:1, 2:0), Черногорияның Кипрдің «Омония» (1:0, 0:1, пенальтиден 6:5) клубтарын қапы қалдырған еді. Одан кейін Болгарияның «Левски» командасына (0:1, 0:1) жол берді.
Ал Еуропа лигасы плей-офф кезеңінде алматылық «Қайрат» алғашқы кездесуде «Андерлехтке» есе жіберді.
Сондай-ақ, алматылық клуб өткен маусымда Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде Португалияның «Спортинг» (1:4), Испанияның «Реал Мадрид» (0:5), Италияның «Интер» (1:2), Грекияның «Олимпиакос» (0:1), Данияның «Копенгаген»(2:3), Бельгияның «Брюгге» (1:4), Англияның «Арсенал» (2:3) клубтарына жол берсе, Кипрдің «Пафосымен» 0:0 есебімен тең түскен еді.