Еуропа лигасы. «Қайрат» алғашқы кездесуде «Андерлехтке» есе жіберді
АСТАНА. KAZINFORM - UEFA Еуропа лигасы плей-офф кезеңіндегі «Қайрат» (Алматы, Қазақстан) - «Андерлехт» (Брюссель, Бельгия) жұбының алғашқы кездесуі аяқталды.
Кездесу барысында бельгиялық команда жылдам гол соғып үлгерді. Ойынның 2-минутында алматылық клубтан Якко Оксанен өз қақпасына гол соғып алса, 31-минутта «Андерлехт» сапынан Лукас Амброс басымдықты арттырды.
Ал 46-минутта олардың қатарынан Даниил Сикан қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша алғашқы кездесуде алматылық клуб қарсыласына 0:3 есебімен есе жіберді.
Енді қарымта ойын 27 тамыз күні өткізіледі.
«Андерлехт» 1908 жылы құрылған. Өз елінде 34 мәрте чемпион атанып, рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Сондай-ақ Бельгия кубогын 9 мәрте төбесіе көтерді.
Ал 1976, 1978 жылдары Кубок иелері кубогына қол жеткізсе, 1983 жылы UEFA кубогын алды.
Айта кетсек, алматылық команда еурокубоктағы жорығын алдымен Чемпиондар лигасында бастап, алғашқы екі іріктеу кезеңінде Черногорияның «Сутьеска» клубынан (2:1, 2:0), Черногорияның Кипрдің «Омония» (1:0, 0:1, пенальтиден 6:5) клубтарын қапы қалдырған еді.
Одан кейін Болгарияның «Левски» командасына (0:1, 0:1) жол берді.
Сондай-ақ, алматылық клуб өткен маусымда Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде Португалияның «Спортинг» (1:4), Испанияның «Реал Мадрид» (0:5), Италияның «Интер» (1:2), Грекияның «Олимпиакос» (0:1), Данияның «Копенгаген»(2:3), Бельгияның «Брюгге» (1:4), Англияның «Арсенал» (2:3) клубтарына жол берсе, Кипрдің «Пафосымен» 0:0 есебімен тең түскен еді.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың Англияның «Бернли» клубы сапындағы алғашқы матчын қашан өткізуі мүмкін екені белгілі болды.