«Шахтер» Армения чемпионатының үздік сұрмергенін жалға алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Арменияның «Гандзасар» клубының 27 жастағы шабуылшысы Гегам Арутюнян осы маусымның соңына дейін қарағандылық «Шахтерде» ойнайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «SPORTINFORM» САА-ға сілтеме жасап.

«Шахтер» Армения чемпионатының үздік сұрмергенін жалға алды

Клубтар ресми түрде футболшыны «Шахтерге» жалға бергені туралы келісім жасады, деп хабарланды «Шахтер» клубының ресми сайтында.

Бұдан бұрын Г. Арутюнян тек өз отанында ойнаған: еревандық «Улисс» пен капандық «Гандзасар».

Өткен маусымда форвард 12 гол соғып, Армения чемпионатының үздік сұрмергені атанған еді.